Барлық жағдайды анықтау үшін күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Осы жәйтке қатысты Қылмыстық кодекстің 337 бабы «Заңсыз аңшылық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркелді. Қазіргі таңда браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Арыс аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары кезінде сондай-ақ 4 экологиялық қылмыс және 40 әкімшілік құқықбұзушылық дерегін әшкереледі. Аталған заңбұзушылықтардың 10-ы аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің талабын, 17 балық аулау ережесін және 16-сы басқа да табиғат қорғау заңнамасы аясындағы құқықбұзушылықтар болып отыр. Осы деректер бойынша тұрғындарға енгізілген жалпы айыппұл көлемі 250 мың теңгені құраған.