Түркістан облысында Жаңа жыл түні мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Мереке күні Түркістан облысы ПД-нің жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті, тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді басты назарға алды. Сондай-ақ түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізді.

«Мәселен 31-желтоқсан күні Түркістан облысында 15 қылмыс тіркеліп, оның 10-ы ашылды. Сонымен қатар облыс бойынша 1023 әкімшілік хаттама толтырылды. Мас халде көлік басқарудың 1 жайты анықталды. Айыптұраққа 13 автокөлік қойылды», - деп жазды ведомстводан.