Баспасөзмәліметтеріне қарағанда, 24 шілдекүні түнде Төлеби аудандық полициябөліміне аудандық ауруханадан оқ тиіпжараланған ер адамның жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түседі.
Полицейлердіңанықтауынша, қала көшелерінің бірінде екі көлік қарама-қарсы келіп, бір-бірініңжол жүрісіне кедергі жасап, яғни 2 жүргізуші жолды бөлісе алмай, сөзге келіпқалұан. Соның салдарынан жүргізушінің бірі жәбірленушіні травматикалық қаруменатып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған жайтсотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Қылмыстық істі ашу мақсатында ТөлебиАПБ-нің полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні ұстау үшін қажетті деген барлықіс-шараларды жедел іске асырды.
Жедел-іздестірушараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Леңгір қаласының тұрғынынұстады. Полицейлер күдіктіден айғақ зат ретінде травматикалық тапанша тауып,тәркіледі. Күдікті қазір қамауда. Осы кезде қару қолдану арқылы «бұзақылық» жасау әрекетібойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.