Түркістан облысында жасөспірім өзіне қол жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«5 қарашада Төлеби аудандық полиция бөліміне жедел жәрдемнен жасөспірімнің өз үйінің ауласындағы мал қорада жіпке асылып қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері не болмаса басқа да дене жарақаттары табылмады. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.




Фото:getwallpapers.com