Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардың еңбекақысының 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленіп келеді.
Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастардың арқасында 117 елді мекендегі 6 мың метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыңнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мың га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды.
Айта кету керек, Елбасының бастамасымен құрылған еңбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Тоғыз жылдың ішінде өңіріміздегі 13 мыңнан аса жас көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған.