Синоптиктердің хабарлауынша, 20 ақпан күні ең төменгі температура Созақ ауданына қарасты Тасты елді мекенінде тіркелген. Мұнда термометр көрсеткіштері -10-15 градус аязды көрсеткен. Ал, Төлеби ауданындағы Шуылдақ стансасында жауған қардың қалыңдығы бір метрге дейін жеткен. Аудан орталығы Леңгір қаласында қардың орташа қалыңдығы 15 см, таулы аймақтарында 20 см-ге түскен.
«Түркістан облысындағы кей аудандарында күндіз ауа райы -5 градусқа дейін суытады. Түнде аязды болып, термометр көрсеткіштері -2-7 градусқа дейін төмендейді. Жалпы ақпанның 22-25 аралығында ылғалды ауа райы күтілмейді. Келесі аптадан бастап 10 15 градусқа дейін жылытады»,- дейді инженер-синоптик Әсем Нұрлыбаева.