Оқиға Қазығұрт ауданында орын алған. Күдіктілер жәбірленушінің қойшысымен жақсы таныс болған. Содан кешкі уақытта жиналып, бірге ішімдік ішкен. Қасындағы қойшы ұйықтап қалған сәтте, жайылымдағы қойларды «Нива» маркалы автокөлікке тиеп, алып кеткен. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратқан.
«Қазығұрт аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны шағымданды. Ер адамның айтуынша, Қазығұрт ауданына қарасты жайылымдық жерден оның әрқайсысының құны 70 000 теңге тұратын 27 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 000 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. Қазір қылмысқа күдікті ретінде шетелдік екі ер адам анықталып, ұсталды. Олар Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының азаматтары болып шықты», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.