Полицейлер Сауран ауданында құжатсыз жүк көлігін айдап, қиыршық тас пен құм тасымалдаған 10 жүргізушіні жауапқа тартты. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабы (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Ал автокөліктер айыптұраққа қойылды.
Аталған құқық бұзушылықтарға қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданды.
«Түркістан облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасы аясында, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жедел уәкілдер мен табиғатты қорғау инспекциясы бірлесіп жүргізген рейд жұмыстарының барысында жер қойнауын заңсыз тасымалдау мен пайдаланудың 53 фактісін анықталды. Айыптұраққа 20-дан астам автокөлік пен экскаватор-тиегіш қойылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс шаралар өз жалғасын табады»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.