Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға тиісті шара қолданылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Мәжілісте жер қойнауын пайдаланудағы заңсыздықты жою мен оның алдын алу шаралары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үйлестіру кеңесініңжұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, қаламен аудан әкімдері және прокурорлар, құқық қорғау және табиғатты пайдаланудыреттеу саласындағы уәкілетті органдарының бірінші басшылары қатысты.

Кеңес отырысындабаяндама жасаған облыс прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаев жерқойнауын заңсыз пайдалану мәселесімен күресуде жергілікті атқарушы жәнеуәкілетті мемлекеттік органдары тиісті деңгейде жұмыс жүргізбей, нәтижесіндекөптеген заң бұзушылықтарға жол беріліп жатқанын атап өтті. Оның сөзінше,табиғат пайдаланушыларға келісімшарттармен өңірдің әлеуметтік дамуына төлемдержасау міндеті жүктелгенімен бүгінгі күнге оның 42-інде жалпы 357 млн теңгекөлемінде берешектері бар.

«Облыстық табиғатресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қарыздарды өндірубойынша сотқа бар болғаны 191,2 млн теңге көлемінде ғана 12 табиғатпайдаланушыға қатысты талап-арыз берген. Шағым уақтылы берілмегендіктен оның12-сін сот қанағаттандырмады. Осынегізде қалған 30 табиғат пайдаланушыдан да қалыптасқан 111,4 млн теңгеберешегін өндіруге мүмкіндік жоқ»,- деді Артықбек Пашаев.

Ал, су қорғаубелдеуінде орналасқан 20 жер қойнауын пайдаланушылардың тек 8-імен ғанакелісімшарт бұзылған. Экология департаментінің қорытындысына сәйкес жерқойнауын пайдалануды тоқтатпаған кәсіпкерлік субъектілермен 182,5 мың м³қиыршық тас өндіріліп, қоршаған ортаға 500 млн теңгеден астам залалкелтірілген. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою кезінде дезаң талаптары орындалмағаны анықталған.

Облыс көлеміндекелісімшарт мерзімдері аяқталған 32 жер қойнауын пайдаланушы ҚР «Жер қойнауыжәне жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің» 54-бабына сәйкес өзіне берілгенучаскеде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоймаған.Нәтижесінде жер деградацияға ұшырап, қоршаған ортаға аса ірі көлемде зиянкелтірілуде.

Отырыс қорытындысыбойынша қылмыстық қудалау органдарына жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға жәнеоған әрекетсіздік танытқан лауазым тұлғаларға шара қолдану туралы нұсқауберілді.