Түркістан облысындағы жобалық сметалық құжаттары дайын 51 мектепті күрделі жөндеуден өткізу және 70 мектепке жобалық сметалық құжаттар дайындау үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастыру өзекті екенін айтты.
– Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына сәйкес, ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған, бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300-ден төмен жалпы білім беру мектептерін салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Нәтижесінде Түркістан облысының мектептеріне жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және күрделі жөндеу жүргізу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады, – деп жауап берді Т.Дүйсенова.
Сондай-ақ вице-премьер Түркістан облысының әкімдігі 121 мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен шешетінін хабарлады.