Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім табылды

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында үйінен кетіп қалған 12 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің анасы оның үйінен кетіп қалғанын айтып полицияға арызданған.

Оқиға болған жерге жеткен жедел-тергеу тобы мән жайды анықтап, жоғалған қызды іздеуге аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылған. Полицейлер барлық ауланы аралап шығып, жасөспірімді көшеден тауып алған.

Кейіннен анықталғандай, жеткіншек 6-сыныпта оқитын жеткіншекке анасы ұрысқан. Осыған ренжіген қызы үйінен кетіп қалып, әпкесінің үйіне бармақ болған.