Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында орын алған жол көлік оқиғасы кезінде 4 адам қайтыс болып, 1 адам жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі facebook-тегі парақшасында жазды.

«2019 жылдың 2 тамызында кешкі уақытта Төлеби ауданының аймағыАлматы-Ташкент-Термез жолында жол апаты болды. Шымкент қаласына қарай бағыталған жүк көлігі қарама қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди» маркалы жеңіл көлігімен «Камаз»жүк көлігімен соқтығысып, содан соң жанып кеткен. Жол көлікоқиғасының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қазаболды, ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жетпестен көз жұмды. Сондай-ақ «Ауди»көлігінің бір жолаушысы дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді»,-делінгенхабарламада.

Сондай-ақ онда «Камаз» көлігінің жүргізушісі дін аман екендігі айтылады.Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлікқұралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалануқағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.