Түкістан облыстық Полиция департаменті таратқан ақпараттарға қарағанда,«Мерседес» шағын автобусы алдында келе жатқан «Камаз» ауыр жүк көлігіне барыпсоқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында шағын автобустың 5жолаушысы қаза тапты. «Мерседес» шағын автобусының жүргізушісі және оның 6жолаушысы емханаға түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.
Аталмыш жайт Қазығұрт АПБ-не ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiкқұралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалануқағидаларын бұзуы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізілуде.
Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.