Жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген көлік иесі «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен анықталды.
40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережесін бұзған.
Жалпы төленбеген әкімшілік айыппұл сомасы 1 млн 200 000 теңгеден асады.
Армян нөмірін таққан «Хонда» көлігі айыптұраққа қойылды.
«Маусым айының 7-30 аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Түркістан облысының полицейлері аталған іс-шара барысында төленбеген айыппұлы бар 73 автокөлікті анықтап, айыптұраққа қойды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.