ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түркістан облысының кей жолдарында жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 17:00-ден бастап Түркістан облысындағы Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент автожолының А-2 тас жолында жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түлкібас ауданының аумағында қар мен бораннан жол жүру қауіптілігі артқан. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Түркістан облысында екі-үш күн қатарынан жауған жаңбыр соңы қарға ұласты. Күннің суытуынан кей бағыттағы жолдарда көктайғақ туындады.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.