АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Манкент стансасында жүк тасымалдаушы пойыз жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 қаңтар сағат 19:50-де «Шымкент-Арыс» учаскесінің Манкент стансасында жүк пойызы вагондары рельстен шығып кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар аталған оқыс оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұлттық компания келеңсіздікті жою үшін Шымкент, Арыс стансасынан қосымша пойыздар жөнелтілгенін хабарлады.
Оқиғаның себеп-салдарын «Қазақстан темір жолы» АҚ жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.