ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның ішінде 7 кәмелетке толмаған жасөспірім бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының ұйымдастырумен облыс аумағындағы суға түсу аймақтарында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, алты ай ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 440 бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 184 адамға 2 млн. 052 мың 210 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, 218 азаматқа ескерту берілген.
Айта кетейік, бір ай бұрын Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылмады.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.