Түркістан облысында жыл басынан бері 17 пара алу дерегі тіркелді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 17 пара алу дерегі тіркелді. Сондай-ақ, 7 пара беру жайты анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентау қаласындағы санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы санитарлық эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы және денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілген тексеру барысында жүйелі түрде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 21 млн 300 000 теңге айыппұл жазасына сотты болған. Ал, сол бас маманға «Ашық» жобасы бойынша жұмыс істеу үшін оңды санитарлық эпидемиологиялық қорытынды алу үшін 5 азамат пара берген. «Барлығына сот үкімімен айыппұл төлеу жазасына тағайындалды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сәмет Нұрдәулет.

Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық сотының үкімен Қазығұрт кеден бекетінің бас маманы өзбекстандық жүк көлігі жүргізушісінен 20 мың теңге пара алу дерегімен күдікті деп танылып, айыппұл төлеу міндетімен жазаға тартылған.