Өңірде мысықтан, жылқыдан, уақ малдан да теперіш көргендер бар.
Мәселен, 120 тұрғын мысықтан, 49 адам жылқыдан, 9 адам уақ малдан зардап шеккен.
Сондай-ақ, 68 азамат басқа да жануарлардан зәбір көріпті.
«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиологтары ветеринариялық қызмет мамандарымен бірлескен шараларды жүзеге асырып, орын алған ошақтарда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 20 жануар құтыру ауруына күдікті ретінде тексеріліп, оның біреуі оң нәтиже берді. Аса қауіпті жұқпалы ауралардың алдын алу шаралары Түркістан облысы санитарлық-эжпидемиологиялық бақылау департаментінің қатаң бақылауында», - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Ардақ Берден.