Түркістан облысындағы ауруханалар сапалы жұмыс істейтін мекемелер қатарына енді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы медициналық мекемелер нәтижелі әрі сапалы жұмыс істейтін 98 медициналық ұйым қатарына енді, деп хабарлайы ҚазАқпарат облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналықсақтандыру қоры Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингін жасады.Мемлекеттің тапсырысы бойынша халыққа 1404 мекеме қызмет көрсетеді.

2019 жылдың алғашқыжартыжылдығында медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысістейтін медициналық ұйымдардың қадағалады. Мамандар медициналық көмек кезінде218 мың ауытқушылықты анықтаған.

«Медициналықкөмектің сапасын бақылау қорытындысы бойынша стационарлық және станционарды алмастыратын медициналықмекемелердің рейтингін түздік. Тізім ұйымдардың нәтижие коэффициентінебайланысты жасыл, сары және қызыл үш аймаққа бөлінді. 58 медициналық мекемеқызыл аймаққа ілінді», – деді, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚТүркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Бейсенбаев.

Бақылау барысындаҚостанай қалалық ауруханасы, Балқаш орталық ауруханасы, Нұр-Сұлтан Орталық жолемханасы мен Текелі қалалық ауруханасында бірқатар кемшіліктер табылды.Медициналық сақтандыру қоры бұл кемшіліктер үшін қаржыландыру көлемін азайтады.Жарты жылда игерілмеген 2,8 миллиард теңге негізгі бағыттар бойынша медициналықұйымдар арасында үлестіріледі.

Нәтижелі әрі сапалыжұмыс істейтін мердігерлердің тізіміне 98 медициналық ұйым енді. Сараптамақорытындысы олардың 70% жекеменшік клиника екенін анықтаған. Ал үздіктерімыналар: Шымкенттегі көз аурулары ғылыми-зерттеу институты, Жамбыл теміржолауруханасы, Түлкібас орталық аудандық ауруханасы, Республикалық балалардыоңалту орталығы мен Ұлттық медициналық университеті.

Көрсетілетінқызметтің сапасын көтеру үшін медициналық сақтандыру қоры жасыл аймақтағымердігерлерді ынталандырып, ал қызыл аймақтағыларға шара қолдануды жоспарлапотыр.

«Болашақтамедициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатынболады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмектісатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды хабарлауымаңызды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар