Түркістан облысында апта басталғалы жел тоқтамай тұр. Бүгін желдің жылдамдығы күшейе түсті. Салдарынан үйлердің шатыры ұшып, оқушылар қашықтан білім алуға көшіріліп жатыр.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірдегі 4 ауданда 14 612 абонент жарықсыз отыр. Оның ішінде Кентау қаласында - 1420, Бәйдібек ауданында - 9061, Сайрамда - 200, Сауранда - 3931 абонент бар. Қазіргі кезде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Қатты желдің әсерінен Кентау қаласында мектеп пен «Қазақтелеком» мекемесінің шатыры ұшып кеткен. Бастауыш сыныптар онлайн режимге көшті.14:23, 04 Мамыр 2023
Түркістан облысындағы дауылды жел: Жарық өшіп, мектептер онлайнға көшті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қатты желден үйлердің шатыры ұшып, сабақтар онлайн форматқа ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.