«13 наурызда сағат 10:15-тен бастап дүлей табиғи құбылыстардың (мұзды жаңбыр,қатты екпінді жел 28-30 м/с, электр беру желілері сымдарының мұздануы) әсерінен электр беру желілері тіректерінің құлауы орын алды.Осыған байланысты Түркістан облысының электр желілерінде өшу орын алды.
Облыстың үш ауданында (Отырар,Бәйдібек, Ордабасы) және Түркістан қаласы мен Кентау қаласының маңында тұтынушылар электр қуатынсыз қалды.
Барлық күштер жұмылдырылды, жұмыстар түні бойы жүргізілді және 14 наурызда таңғы сағат 8-ден бастап облыстың тораптық қосалқы станцияларына кернеу беру басталды», деп хабарлады Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.
Қалыпқа келтіру жұмыстары авария салдарын толық жойғанға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп Түркістан облысының тұтынушыларын энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруге мониторингті жүзеге асырады.