Полиция тәртіп бұзушылардан 5 дана дроглайн көлігін тәркілеп, оны заңды шешім қабылданғанға дейін айып тұрағына қойған. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау үшін жиналған материалдар экология департаментіне жіберілген.
Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде полиция қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 334-бабы «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша өткен жылы 21 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тәртіп бұзушыларға 21 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынған.
Айта кетейік, жыл басынан бері осындай үш дерек анықталып, кінәлі тұлғаларға 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынған.