Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдан адасқан екі ер адамның бірі кешкі сағат 20:30-да жұбайына хабарласқан. Келіншегі болған жағдайды айтып, құтқару қызметінен көмек сұраған.
«Оқиға орына облыстық ТЖД-нің 4 қызметкері 1 техникамен жетті. Олардың жедел әрекет етуінің арқасында түнгі сағат 00:15-те 33 жастағы екі ер адам да табылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.