Түркістан облысының 1688 тұрғынына 2 млрд теңге қайтарымсыз грант ретінде үлестіріледі
Бұл жайында облысбасшысы Дархан Сатыбалды орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.
«Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы аясында Түркістан облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Биыл өз ішін ашуға ниетті 1688 адамға қайтарымсыз грант ұсыну көзделуде. Бұл бағытқа 2 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ алғаш рет 594 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Түркістандық жастар үшін 2,9 млрд теңге қарастырылды», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікпен айналысуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңірек насихаттау шаралары тұрақты жүргізіліп келеді.
«Әсіресе, ауыл жастарын, NEET санатындағы азаматтарды осы мүмкіндіктерді қалт жібермеуге шақырып отырмыз. Өйткені, кейбір азаматтар бейхабар болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру топтарымыз жұмысты күшейтпесе, бәсеңдетпейді. Осындай жүйеленген жоспарымыздың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5% болды», – деді Дархан Сатыбалды.