Түркістан облысының 5 ауылдағы малдардан тағы бруцуллез анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы 5 ауылда ұсақ малдан бруцуллез табылды. Бұл туралы аудан әкімі Арман Абдуллаев Түркістан облыстық комуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызыл ата ауылында екі қойдан, ал Қаржан, Қазығұрт, Тұрбат, Қарабау ауылында бір қойдан бруцуллез белгілері байқалған. Қазір аталған бес ауылдағы үйлерде шектеу шаралар күшейтілді.

«Ауыл карантинге жабылған жоқ. Тек малдарынан бруцуллез белгілері байқалған үйлердің төрт түлігіне шектеу жасалды. Олар шектеу мерзімі аяқталғанша қойларын сата алмайды, сою алмайды және сыртқа шығармайды. Сондай-ақ, көршілері де сондай шектеулерді ұстанады. Ветеринариялық қызмет мамандары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ал, аудан аумағында ешбір тұрғын науқастанған жоқ»-деді аудан әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазығұрт ауданындағы ұсақ малдан бруцеллез табылған екі ауыл карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.