Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін фестивальде биыл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Вьетнам, Ресей, Беларусь, Франция, Канада, Никарагуа, Эфиопия және Венгрия сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса цирк қызметкерлері бас қосты. Онда "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің әртістері күрделі трюктерден тұратын "Өлім доңғалағы" нөмірімен көпшілікті таң қалдырды. Осылайша түркістандық жігіттер бас жүлдеге лайық деп танылып, жеңімпаз атанды. Ал, екінші орын - Беларусь елінің мәдениет майталмандарына бұйырса, үшінші орынды - Қазақ Мемлекеттік циркінің әртістері иемденді.
16:21, 09 Шілде 2018
Түркістан облысының цирк өнерпаздары халықаралық байқауда топ жарды
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының цирк өнерпаздары халықаралық байқауда топ жарды. Астана қаласында өткен дәстүрлі «Азия жаңғырығы» Халықаралық фестивалінде "Оңтүстік-Цирк" мекемесінің "Эксклюзив" тобы алтын медальді еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.