«Түркістан облысындағы дәрігерлер, ауруханалар коронавирус індетінің екінші толқынына дайын. Бұрын бізде тест алынатын 1 ғана зертхана болса, қазіргі уақытта зертхана саны 14-ке жетті. Сондай-ақ, дәріханаларда дәрі тапшылығы мәселелері шешілді. Ауруханаларда барлық қорғаныс құралдары мен медициналық бұйымдар жеткілікті», - дейді Сәкен Қалқаманов.
18:22, 17 Қыркүйек 2020
Түркістан облысының дәрігерлері індеттің екінші толқынына дайын – Сәкен Қалқаманов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында дәріханаларда дәрі тапшылығы мәселесі шешілді. Бұл туралы AntikorLive бағдарламасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.