Түркістан облысының Келес ауданында әкімшілік-іскерлік орталық салынады
Бұл туралы бүгін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы және алдағы тұрған міндеттері туралы есеп берген аудан әкімі Ақметнай Есбаев айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақметнай Есбаевтың сөзінше, өткен жылы аудан орталығы Абай ауылының бас жоспары бекітілген. Мұнда 90 гектар жерге үш және бес қабатты үйлер салу және кәріз жүйесін жүргізу жоспарлануда. Бүгінде бұл жерлерді жеке шаруа қожалықтарынан заңға сәйкес мемлекет мұқтаждығына алу мәселесі шешілуде. Осы мақсатта ауданда мақсатсыз пайдаланылмай отырған жайылым және коммерциялық және суармалы жерлер анықталып, мемлекет қорына алынып жатыр.