Түркістан облысының Келес ауданында «Білім орталығы» ашылды
Жастар ресурстық орталығында ашылған орталықта арнайы интернет желісіне қосылған ноутбукте жұмыс істеп, шахмат ойнауға болады. Сондай-ақ, арнайы кофе-брейк ұйымдастырылған.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай cowоrking-орталық ретінде қайта құруды қолға алды.
Айта кетейік, алғашқы коворкинг орталығы 2005 жылы АҚШ-та ашылған. Ал, Ресей мен ТМД елдерінде коворкинг соңғы бір-екі жылда ғана еніп отыр.