Орталық 30 төсек орнына лайықталған, нейрореанимация да осы жерде орналасқан. Аудандық ауруханада компьютерлік томография аппараты орналастырылған. Аталған аппаратта жүргізілген зерттеу науқастың диагнозын дәл қоюға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол науқастың дұрыс ем алуына жәрдемін тигізеді.
«Орталық ашылғалы бері біздің ауданда адам өлімі азайды. Науқастардың инсульттан кейін денсаулығының нашарлау жағдайлары да төмендеді. Бөлімшеде миға микрооперация да жасалады, біз осы уақыт аралығында 40 адамға операция жасадық. Біздің орталықта білікті мамандар жұмыс істейді және олар біліктіліктерін ылғи да жетілдіріп отырады»,-дейді Келес аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Нұрдәулет Ештаев.