Түркістан облысының Келес ауданының тұрғыны коронавирус жұқтырды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 17:30-дағы мәлімет бойынша, Түркістан облысында 1 адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Диагноз науқасты тексеру барысында нақтыланды. Аталған азаматпен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде»,-делінген Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы.

Жедел штабтың мәліметтері бойынша, Түркістан облысында қазіргі таңда қауіпті вирусты жұқтырғанар саны 128 адамды құрап отыр.