Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 7 мектеп салынып жатыр

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары мен жол, аяқжол құрылыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданында республикалықбюджет есебінен 2 мектеп және облыстық бюджет есебінен 5 мектептің құрылысжұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қазіргітаңда 39 елді мекеннің бас жоспары жасалуда. Сонымен қатар, мектептер, мәдениетүйлері, әкімшілік ғимараттары, көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеретін болады.

Мырзакентті ұлғайтуғаарналған 160 гектар жер теліміне көпқабатты тұрғын үйлер салу үшін биылегжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Жоба әзірленгеннен соң аталған жертелімі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысабасталады. Осылайша бірнеше жылдан соң 7-20-25 бағдарламасы аясындамақтааралдықтар баспанаға ие бола алады.

Жаңадан құрылғанМақтаарал ауданының дербес бөлімдерін заманауи ғимаратпен қамтамасыз етумақсатында Мырзакент кентінен әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау үшін сметалықжоба әзірленді. Сондай-ақ, Еңбекші және Жамбыл ауылдық округтерінің орталықтарынанмәдениет ошақтарын дамыту мақсатында 2 мәдениет үйі және кітапхана құрылысынабиыл жобалық сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр.

Бірлік ауылдық округі,Пернебаев елді мекенін кеңейтуге бөлінген 5 гектар жер теліміне ауызсу жәнеэлектр жарығын алып бару үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалу үстінде. АлЖаңа жол және Бірлік ауылдық округтерінде мал өлекселерін тастайтын шұңқырқұрылыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындау үшін мемлекеттік сатып алурәсімдері өткізілді.

Соңғы жаңалықтар