Түркістан облысының полицейлері бір күнде 191 жасөспірімді бөлімшеге жеткізді

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 1 күнде жаөспірімдерге қатысты 170-тен астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер мен әкімдіктің тиісті сала мамандары бірлесіп, түнгі рейдттерге шығып жүр. Басты мақсат – жастар мен жасөспірімдерінің беймезгіл уақытта жүрмеуін, ойын-сауық орындарында болмауын қадағалау.


Аталған шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облысының полицейлері 191 кәмелетке толмаған жасөспірімді бөлімдерге жеткізді. Оның ішінде жасөспірімдерге қатысты 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-ана) бойынша 8 дерек, ӘҚБтК-нің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) 3 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Ал, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 5 жайт болды.


«ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген) 155 дерек анықталып, әкімшілік шара қабылданды. 16 құқық бұзушылыққа бейім кәмелетке толмаған және 9 қолайсыз отбасы ІІО-ның профилактикалық есебіне алынды», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.