Түркістан облысының шенеуніктері бастаған марафоншылар 2,5 км бағындырды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда облысының әкімдігі мен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық марафон өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, генерал-майор Хаким Қошқалиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев бастаған шараға 300-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.

Марафон Б.Саттарханов даңғылының бойындағы Тікұшақ алаңынан басталып, Түркістан қақпасынан «Рәміздер алаңына» дейін жалғасты. Қатысушылар 2400 метр қашықтықты жүгіріп өтті.

Шара мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру арқылы халықты салауатты өмір салтына баулу, Мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.

Мәреге бірінші болып жеткен «Оңтүстікфильм» киностудиясының таспагері Бекзат Мұратұлы «Марафонның үздік спортшысы» атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

Соңғы жаңалықтар