Түркістан облысының Созақ ауданындағы екі ауыл таратылады
14:29, 14 Шілде 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халық санының аз болуына байланысты Түркістан облысындағы қос бірдей елді мекені таратылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылдық округінің Қақпансор елді мекені және Жуантөбе ауылдық округінің Қоңыратарық елді мекені таратылсын. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген әкім қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімінде.
Бұған дейін жарияланған Түркістан облысы әкімдігінің хабарламасында Қақпансор және Қоңыратарық елді мекендерінде тұратын халық саны 200 адамнан кем екені көрсетілген. Осыған байланысты аталған ауылдарлы тарату туралы шешім қабылданып отыр.
Шешім-жобасы 19 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.
Сонымен бірге, Түркістан облысына қарасты Нұра ауылы да таратылады.