Бәйдібек ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар «Қошқар-ата-Жарықбас-Бірлік» тас жолы жабылды. Қатты жел, көктайғақ, боран болуына байланысты мұнда барлық автомобиль көлігінің қозғалысына тыйым салынды.
«30 қарашада кешкі сағат 19:00-ден бастап облыстық маңызы бар КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» 577-642 шақырымында барлық автомобиль көліктеріне жол жабылды. Сондай-ақ, «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» жолының 89-117 шақырымында да жол жабылды» делінген хабарламада.