Түркістан облысының тұрғындары атаулы әлеуметтік көмекке кәсіптерін ашуда

ТҮРКІСТАН. Қазақпарат –Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр Сарыағаш ауданына барып, белгіленген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген тұрғындармен кездесті. Тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне барып, жағдайларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атаулы әлеуметтіккөмек алғандардың бірі Сарыағаш қаласы тұрғыны Бахтияр Лесбеков. Бес баланыңәкесі мемлекеттен тағайындалған 861 мың теңгесін алып, жеке кәсібін ашты.Қазіргі таңда отағасы тұрақты жұмыспен қамтылса, ал жұбайы түшпара жасайтыншағын кәсібін дөңгелете бастаған. Тағы қосымша екі азаматшаны жұмыспен қамтыпотыр. Жеке кәсібін бұдан әрі дамыту үшін отбасы мемлекеттен берілетінқайтарымсыз «Грант» 500 мың теңге алуға ниет білдіруде.

Бүгінде көпбалалыжанұяның табысы ұлғайды. Атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көргендердіңқатарында Түлкібас ауданының тұрғыны Райхан Жасұзақова да бар. Алты баланыңанасы тағайындалған 621 мың теңгенің 380 мыңын қолына алған. Қомақты қаржығакөптен бері армандап жүрген кәсібін іске асырып, аудан орталығында орналасқанәсемдік салонынан бір орынды жалға алған.

Қажетті құралсаймандарын толықтырған келіншек сүйікті кәсібімен шұғылданып, табыс табуда.Алдағы уақытта ол мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдауды пайдаланаотырып, сұлулық салонын ашуды жоспарлап отыр.