Қостанайдан келген арнайы топ мүшелері аталған ауданның Шалдар, Боралдай елді мекендерінде болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңынан аудан орталығында жиын өткізіп, халқы тығыз орналасқан өңір тұрғындарын өз аймақтарына шақырды.
Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Руслан Халықовтың айтуынша, Челябі облысымен шектесетін өңірде небәрі 28 мың халық тұрады. Қазір мұнда барлық әлеуметтік салалардан бастап, механизатор, жүргізушілерге дейін жұмыс қолы тапшы. Қоныс аударамын деушілерге мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылады.