Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Жергілікті полиция бөліміне арызданған банк өкілі тұрғынның мобильді қосымша арқылы 20 миллион теңге шығын келтіргенін айтқан.
«Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт анықталды. Ол банк қосымшасы арқылы тауар сату-сатып алу операцияларын жасаймын деп, 1 ай ішінде 20 миллион қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», -делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.