Ордабасы аудандық сотының судьясы Алтай Қалықұлдың айтуынша, 8 қазан күні күдікті екі айға уақытша тергеу абақтысына қамалды.
«Бөржар ауылының тұрғыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-ші бөлігінің 3,5,14 тармақтарымен («Адам өлтiру») және 120-бабы 4-ші бөлігі («Жас баланы зорлау») бойынша айып тағылуда. Ол бұрын соңды сотты болмаған. Әйелі бар. Мұндай жағдай біздің ауданда бірінші рет тіркеліп отыр», - дейді Алтай Қалықұл.
Ал, Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше қылмыстық істі тергеу басқармасы қызметкерлері қарап жатыр.
Айта кетейік, қайғылы жағдай қазан айының 6-сы күні болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша бүлдіршін бұл отбасының жалғыз перзенті болған.