Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде, үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. Жедел күдіктінің шаруа қожалығынан 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Фото: Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі