Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекстанда таныстырылды

Фото: None
ТАШКЕТНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға туризмсаласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдарықатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Өзбекстанныңтуристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдарарасында 10-нан астам келісімге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттарұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ облысделегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы жәнеБұқара қаласында «Базори корд» ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлерорталығы жұмыстарымен танысып бірқатар келісімдерге келді.

«Сузук-ота»шеберлері орталығы 5 гектар аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберхана жұмысістейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Сузук-ота»тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған. Ал, «Базори корд» ұсталармен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шебер жұмыс істейді.