Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ауес» сауда үйі жәнебір қатар адам көп шоғырланатын орындарда орын алған акция барысында корпорацияқызметкерлері тұрғындарды, азаннан кешке дейін бала шағасын асырау үшін саудажасап нәпақасын тауып отырған сатушыларға, порталдағы төлем түрлерін,Телеграмм жүйесіндегі EgovKzBot бағыты бойынша жәнеMgov қосымшаларыарқылы, бір реттік жасырын сөздер, электронды цифрлы қолтаңбалар арқылы қызметтүрлерін алуды үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
«Қазіргі таңда Республикамызда 742 мемлекеттік қызметтүрі бар болса, соның 531 электронды үкімет порталы арқылы өтеді. Осы себептіхалықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация тарапынан осындайакция, оқыту семинарларын көптеп өткізудеміз. Соның арқасында өңіріміздеэлектронды түрде қызмет алушылар саны артты. Бізді қуантатыны акцияға қызыға қатысушылар саны 200-300ге жуықтаса,солардың 50-60% қызметтерді өздері электронды түрде пайдаланушылар қатарынанболды. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамтитынболады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»Түркістан облысы филиалының баспасөз тілшісі Амантай Егембердиев.
Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді азаматтарбазасында 376242-нан астам түркістандық тіркелген.