Ол жылқыларын Ынталы ауылына қарасты егістік алқабына жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында таба алмағанын жеткізген.
Полиция қызметкерлері аталған арыз негізінде жедел іздеуге кірісті. Ауыл-аймақты толық тексеріп, бақташылардан жауап алды. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жоғалған жылқылар бірнеше күн ішінде көрші ауылдан табылды. Яғни, 10-15 шақырымдық жерде жайылып жүрген. Осылайша тәртіп сақшылары жоғалған жылқыларды тауып, иесіне табыстады.
Өз кезегінлде полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болған тұрғын М.Кенжебаев: «Мен жылқыларымды жоғалтып алып, өз бетімше 3 күн іздеп таба алмадым. Содан тәртіп сақшыларына хабарластым. Олар 5 күнге жеткізбей жылқыларымды тауып берді», - деп, алғысын айтты.