Министрдің атап өтуінше, елімізде темір жол көлігі инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
«Түркістан – Шымкент – Ташкент учаскесінде жоғары жылдамдықты теміржол желілерін салу және Достық - Мойынты транзиттік учаскесін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыра бастау жоспарланған. Бұдан басқа, болашақта «Алматы айналма стансасының құрылысы» және «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі жобаларын іске асыру көзделген», - деді Бейбіт Атамқұлов халыққа есеп беру кездесуінде.