Түркістан: Түлкібасқа келетін туристер саны артты

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Түлкібас ауданына жыл басынан бері 6 мыңнан астам турист келген. Соның ішінде 473-і – шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршамызға белгіліорналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақүй:«Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орны: «Ақсу-Жабағылы оңалту-сауықтырукешені» және «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтырулагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов»,«Отырар», «Орбита» және 18 демалыс аймағы демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді.«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жолбойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде», - деп мәлім етті облысәкімдігінен.

Сонымен қатар Гүлдер,Водник балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтіру жұмыстарыжүргізілуде.

Аудан аумағында туризмсаласын дамытуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаны биыл іске қосужоспарланып отыр.