Түркістан: Түлкібастық жастар көкпардан Азия чемпионы болды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында көкпардан І Азия чемпионаты өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы әкімініңбаспасөз қызметінен мәлім еткендей, Азия ойындарында «Түлкібас ұлттық спорт түрлеріненбалалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшылары, Қазақстан құрамасыныңмүшелері Мамыт Әділет пен Қарқабат Бекзат жүлделі І орынды иеленді.

«Мен бала күнімнен атамМамыттың қамшысын алып, бәйгеде шабатын тұлпарына мініп өстім. Сәйгүлікке дегенқызығушылығым аса жоғары еді. Пәлен жерде түген деген көкпар болып жатырдегенді естісем болды, дорбамды жинап, атымды баптап үйден шығып кететінмін. «Сенәлі баласың, аттың астында қалып кетесің» деген үлкен ағаларымның сөзін, ақылынқұлағыма аспайтынмын. Ол мен үшін қорқынышты болмайтын. Бар ойым сол көкпарғабарып, аламан доданы көзіммен көру. Көкпаршы, шабандоз болу менің бала күнгіарманым еді. Әсті, осындай жетістікке жетіп, шабандоз болып, елімнің мақтанышыболғаным - атамның берген батасының арқасы болса керек. Ол кісі де шабандозболатын. Қаннан келген қасиет те бар шығар. Әкем Әмір де көкпар десе ішкен асынжерге қоятын азаматтар қатарынан. Менің көкпар спортына деген махабатымдысезген әкем спорт мектебіне оқуға түсіріп, бағымды ашты. Бәйгеде оза шабуымүшін батасын беріп, жігерлендіретін. Сәйгүлігім Ақмола Қасқамен талай додалардаоза шауып, отбасыма үлкен қуанышпен оралған кездерім жетерлік. Бұл - мен үшінатамның, әкем мен анамның алдындағы арманымның орындалғанының көрінісі депойлаймын. Жетер жетістігім мен алар асуым әлі алда болса, мен бағындырар белескөп деп білемін. Кезекті жеңісімді елім мен жеріме арнаймын», – дейді І Азияойындарының чемпионы, ҚР құрамасының мүшесі Мамыт Әділет.

Соңғы жаңалықтар