«Салып жатқан нысанымыз диагностикалық орталық саналады. Алдағыуақытта тұрғындарға консультативтік және емдеу-диагностикалық қызмет көрсетутүрлерінің кең спектрін ұсынатын боламыз. Орталық заманауи, жоғарытехнологиялық жабдықтармен қамтылады. Науқастарға жоғары санатты дәрігерлеркеңес береді. Бұған дейін Шымкент, Түркістан қалаларына барып, тексеріліпжүрген аудан тұрғындары енді біздің орталықтан тексерістен өтуіне бармүмкіндік жасалмақ», – дейді Сардар Шавкеев.
Шавкеевтер әулеті осыдан үш жыл бұрынЖаңаауыл елді мекенінен өз қаражаттарына 150 орындық заманауи балабақша ашқан болатын.Бүгінде ауыл тұрғындары балабақшаның игілігін көріп отыр. Қазірдің өзінде мұнда150 бала тәрбиеленіп жатса, тағы 60 бала кезекте тұр. Осыны ескерген С. Шавкеевсәуір айында балабақша жанынан 150 орындық мектепке дейінгі даярлық орталығыныңқұрылысын бастады. Қазіргі таңда ғимараттың екінші қабаты қалануда. Аталғанғимарат алдағы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.