ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда әккі пәтер тонаушы ұсталды. Күдіктіге қатысты ылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғын үйінен 100 000 теңгелік тігін машинасы ұрланғандығын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 14 пәтер ұрлығын жасағаны анықталды. Қолды болған заттардың барлығы айғақ зат ретінде тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.